Несиелік рейтинг «тұрақты» деп бағаланды

Елдегі атқарылған шаралардың нәтижесінде биыл инфляция төмендеп, қараша айында 8,4% мөлшерінде болды.

Былтыр 10,3% деңгейінде еді. Еліміздің дербес несиелік рейтингі инвестициялық сенімділік деңгейінде сақталды. Халықаралық рейтинг агенттіктері жыл бойында несиелік рейтингті «Тұрақты» деп бағалап, оны бірнеше мәрте растады.  Несиелік рейтингтің жоғарылауы экономикалық және қаржылық тұрақтылықты нығайту мен еліміздің халықаралық аренадағы беделін жақсартты. Инвестиция көлемін ұлғайтуға оң әсер етті.