Елімізде креативті индустрияны қолдау қоры құрылады

Елімізде алғаш рет креативті индустрияны қолдау қоры құрылады.

Сонымен қатар саланы дамыту үшін бірқатар креативті орталық жұмысын бастады. Бұл жайында Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев мәдениет, өнер және медиа саласының өкілдері ұйымдастырған «QazaqSham» форумында айтты. Жиында отандық креативті индустрияны дамытуға, қазақ тілді контент жасаумен айналысатын жас таланттарды қолдауға және саланы инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге қатысты мәселелер талқыланды. Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде креативті индустрияны дамыту үшін жүйелі қадамдар жасалып жатқанын атап өтті. Себебі креативті сектор ұлттың мәдениеті мен құндылықтарын дәріптеудің заманауи тәсілі.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы