Қостанай облысында алты сүт фермасының құрылысы басталды
Қостанай облысында сүт өнімдері бойынша импортқа тәуелділікті төмендету үшін заманауи жоғары технологиялық 6 сүт фермасының құрылысы басталды.
Бұл жобалар өнім өндіруді 30%-ға ұлғайтуға және сүт өңдеу кәсіпорындарының жүктемесін 86%-ға дейін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы өңір басшысы Құмар Ақсақалов жылды қорытындылауға арналған баспасөз жиынында айтты. Бұқаралық ақпарат құралдары алдында есеп беру кездесуінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде сөз болды. "Мемлекет басшысының Қостанай облысында өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің үлесін 70%-ға ұлғайту тапсырмасы орындалды" дейді облыс басшысы.
Құмар Ақсақалов, Қостанай облысының әкімі:
- Жуырда ірімшіктің 20 жаңа түрін өндіретін кешені пайдалануға берілді. Бұл облыс бойынша ірімшік өндіру көлемінің 3 есе өсуін қамтамасыз етеді. Осылайша, жергілікті халықтың ірімшікке сұранысын жабамыз. Күні кеше "Аруана-2010" диірмен кешені пайдалануға берілді. "Кондитерлік астана" фабрикасының құрылысы басталды.