Сеулде шерушілер президентті қамауға алуды талап етті

Оңтүстік Корея астанасы Сеулде ондаған мың адам наразылық акциясына шықты. Олар ел президенті тез арада биліктен кетіріп, қамауға алуды талап етті.    

Өз кезегінде Юн Сок Ёльдің жақтастары аталған шеруден бір шақырымдай жерде өз акцияларын ұйымдастырып, билікті президенттің өкілеттігін қалпына келтіруге шақырды.

Естеріңізде болса, осыдан бір апта бұрын Ұлттық ассамблея Юн Сок Ёльге 3 желтоқсандағы әскери жағдай туралы жарлыққа байланысты импичмент жариялаған еді. Сөйтіп, президенттік мандатын тоқтатты. Енді мемлекет басшысының тағдырын, жалпы бүкіл жағдайды Корея Республикасының конституциялық соты шешеді.