Елордада Қытайдың көп функционалды орталығы ашылады
Астанада Қытайдың көп функционалды орталығы ашылады.
Жоба отандық және қытайлық тауарларды ұсыну мен іскерлік келіссөздер жүргізуге арналады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен джансу прованс сохо ((Jiangsu Province SOHO)) холдингінің вице-президенті Дин Хайдың кездесуінде белгілі болды. Бүгінде Цзянсу провинциясымен ынтымақтастық қарқынды дамып келеді.Тараптар қос ел арасындағы сауда-саттық мәселелерін талқылады. Қытай еліміздің стратегиялық маңызы бар сауда серіктесі, екіжақты тауар айналымы бойынша көш бастап тұр. Мемлекет басшысы көрші елмен алыс-берісті 100 млрд долларға дейін жеткізу міндетін қойған. Былтыр Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара сауда көлемі 27 млрд доллардан асқан еді. Қытайға экспорт 1,6%-ға артып, 13,5 млрд долларға жетті.