С. Жұманғарин: Қосымша құн салығының мөлшері талқыланып жатыр

Бұл жаңалық елді елең еткізгені рас.

Қазір көпшілікті қосымша құн салығы қанша пайызға көтерілетіне алаңдаулы. Үкімет басшысының баяндамасынан соң ізін ала Ұлттық  экономика министрі Серік Жұманғарин баспасөз мәслихатын өткізді.  Ол бүгінде бизнес үшін еңбекақы төлеу қорының жүктемесі 40 пайызға жеткенін алға тартты. Сондықтан қосымша құн салығының мөлшерін көтеру  қор жүктемесін 10 пайыздан 30 пайызға дейін азайтуға мүмкіндік береді.

Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Ұлттық экономика министрі:

- Қазір Бұқаралық ақпарат беттерінде қосымша құн салығын 20 пайызға көтеру туралы айтылып жатыр. Бұған қатысты менің пікірім, бұл әлемде бар үрдіс. Бірақ біз әлі нақты шешімге келген жоқпыз. Қосымша құн салығының қанша пайызға көтерілетінін талқылау үстіндеміз. Бұл жерде барлық тараптың пікірі ескеріледі. Бірақ қосымша құн салығын көтеру арқылы бюджеттің бүйірін толтыруды көздеп отырған жоқпыз, керісінше бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, өркендеуіне жол ашылады деп есептейміз.