2024 жылы рекордты 26,7 млн тонна астық жиналды

Былтыр диқаншыларымыз 26,7 млн тонна астық жинады.

Бұл кейінгі 13 жылдағы рекордтық көрсеткіш. Өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемі 21,1%-ға артып, мал шаруашылығындағы өнімділік 3,2%-ға өскен. Жалпы 8,3 трлн теңгенің өнімі өндірлген. Өткен жылдың қорытындысы бойынша отандық азық-түлік өндірісі 3,2 трлн теңгеге жеткен. Оның ішінде өңделген ауыл шаруашылық өнімдерінің үлесі 40%. 2028 жылға дейін бұл көрсеткішті 70%-ға жеткізу мақсаты қойылған.

Өсімдік шаруашылығы - 21,1%

Мал шаруашылығы - 3,2%

Жалпы өнім - ₸8,3 трлн

Азық-түлік өндірісі - ₸3,2 трлн

Өңделген өнім - 40%