Қызылордада ЖЭО салынып жатыр
Қызылордадағы жылу электр орталығының құрылысы қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды 24KZ. Маңызды нысан жыл соңына дейін тапсырылады. Бұл мақсатқа 215 млрд теңге шетелдік инвестиция салынды. Бұрынғы орталық 80%-ке тозып тұр.
Қызылорда жылу электр орталығына 2 мыңға жуық нысан қосылған. Өткен ғасырдың 60-шы жылдары салынған нысан әбден тозған. Соған қарамастан жылу қазандықтары әзір ақаусыз жұмыс істеп тұр. «Бірақ оның да шегі бар», – дейді кәсіпорынның бас инженері Наурыз Сатқанов.
Наурыз Сатқанов, жылу электр орталығының бас инженері:
- Бүгінгі күні тозу деңгейі 80%-тен жоғары. Бірақ енді осы жылу маусымы аяқталғаннан кейін жылдағы үлкен іс-шара жасаймыз, жөндеп, ендігі қысқа дайындаймыз. Сол шаралардың орындалуын пысықтап, дайындаудың арқасында енді осы әр маусымды осылай өткізіп жатырмыз. Енді негізі үлкен сенімділік жоқ.
Бұл ескі орталық үшін соңғы жылыту маусымы. Оның орнына қазір жаңасы салынып жатыр. Кәсіпорынның құрылысына түркиялық инвестор 127 млрд теңге салды. Жоба 15 жылда өзін ақтайды. «Бірақ ол тарифтің өсуіне әсер етпейді», – дейді мамандар.
Рауан Әбсейітов, жылу электр орталығының бөлім бастығы:
- Жаңа орталық сағатына 240 мегаватт электр энергиясы мен 277 гигакалория жылу энергиясын өндіреді. Бұл қаланы қуат көзімен толық қамтуға мүмкіндік береді.
Жылу электр орталығының құрылысы кестеге сай жүріп жатыр. Нысан тамыз айында іске қосылады.
Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Райхан Тәжібаева, Ақан Әлиев, Айтмұхамбет Байдоллаев.