Бүгін Каспий құбыр консорциумындағы істен шыққан айлақ құрылғыларының бірі қалпына келтіріледі, деп хабарлайды, «Хабар 24». Мұнай өндіру көлемін тұрақтандыру әзірге мүмкін болады. Қалған екі айлақ 2-3 аптада жөндеуден өткізілмек. Естеріңізге салайық, Қара теңіздегі дауылдың салдарынан консорциумның нөмірі 3-ші айлағында апат болған. 2-құрылғыдан да ақау табылды. Зерттеу жүргізу үшін сарапшылар бүкіл 3 айлақты істен шығару туралы шешім қабылдады.