Junior Eurovision 2021: жас талант елге оралды

Junior Eurovision қатысушысы Әлинұр Хамзин елге оралды.

Ол мінген ұшақ бүгін таңғы тоғыздар шамасында елорда әуежайына қонды. Жас дарынды жанкүйерлері мен туыстары, достары сырнайталып, кернейтеліп қарсы алды. Әлинұр Хамзин – Батыс Қазақстан облысының тумасы. Талантты өрен Париж төрінде  ұлттық байқаудың тағы бір жеңімпазы Бекнұр Жәнібекұлымен «Ертегі әлемі» әнін шырқаған болатын. Дауыс беру кезеңінде жерлестеріміз сегізінші орыннан көрінгенімен, халықаралық қазылар алқасы олардың өнерін жоғары бағалады. Өнерлі өрендер де мұнымен тоқтап қалмай, алда талай додаларда топ жаруға ниетті.

Әлинұр Хамзин, Junior Eurovision қатысушысы:

– Осындай үлкен саханада көрермендердің алдында ән айту  ол өте үлкен тәжірибе. Көрермендер маған қатты қолдау көрсетті.  Мен өте қуаныштымын. Он тоғыз елден достарымды таптым.