Павлодарда әскери қызметші қаза тапты
Павлодардағы әскери бөлімшелердің бірінде келісімшарт бойынша қызмет еткен әскери қызметші қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша ол өзіне бекітілген қарудан оқ атқан.
Салдарынан өзі оқиға орнында қаза тауып, әріптесі оқ жарақатын алған. Зардап шеккен азамат Павлодар қалалық №1 ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. «Барлық қажетті емдеу шарасы жүргізілуде», - дейді мамандар. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Шұғыла Тұрлыбек, ІІМ баспасөз хатшысы:
- Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Зардап шеккен азаматқа қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Тергеу барысы ІІМ Әскери тергеу департаментінің бақылауында. Тексерілмеген ақпаратты таратпауды сұраймыз.