Абайлаңыз, импорт! Тәтті шәрбаттар ағзаңызға қаншалықты қауіпті?

www.contedeicocci.com

Сапасыз қант шәрбаты, зиянды концентраттар және антибиотиктер. Шетелдік дүкен сөрелерінде саудаланатын тауарлардың ішінен қандай ғана қауіпті заттар табылмайды дейсіз. Көрші мемлекеттердің бірінде жүргізілетін сараптамалық жұмыстардың нәтижесінде сатушылардың қосымша пайда табу үшін жауапсыз істерге барғандығы анықталған. Салдарынан тәтті шәрбаттардың сапасы төмендеп, тұтынушылардың денсаулығына қауіп төнеді. Ендеше бізге шет мемлекеттерден әкелінетін тәтті шәрбаттардың құрамында не бар? Өнімді сатып аларда басты назарды неге аударған жөн?