Тұрмыстық зорлық-зомбылық анықтау сипатына ауыстырылады

Жыл басынан бері елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша 6 мың құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды.

Бұл туралы Ішкі Істер  Минстрлігінің брифингінде айтылды. Көп жағдайда зардап шеккендер полиция қызметкерлері келгеннен кейін арыз жазудан бас тартады. Сөйтіп, агрессорлардың тек 17%-ы ғана жазаланады. Сол себепті 1 шілдеден бастап, полиция тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеуді өтініш беру сипатынан анықтау сипатына ауыстырады. Сондай-ақ 19 мамырдан бастап қылмыскерді қамауға алу санкциясын қолдануға, және жауапкершілікті күшейтуге болады. Жаңа түзетулер, өтінішсіз әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға мүмкіндік береді.

Ақмарал Серікбаева, ҚР ІІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:

-Қазір тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы материалдардың жартысы татуласуға байланысты сотта тоқтатылады. Бұндай жағдайлар көбіне агрессордың сонымен қатар оның туыстарының сендіруі немесе қысымымен орын алады. Мысалы, жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 5 мың фактісі осы негіздер бойынша тоқтатылды. Енді 1 шілдеден бастап сотта бір рет қана татуласуға мүмкін болады.