Елде Қытай мен Түркия зауыт салады
Елде мақта алқабы шамамен 15 мың гектарға дейін қысқарады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тіршілік көзін үнемдеу үшін жаңа дақылдар егіледі. Мұны Сенатта ауыл шаруашылығы министрі айтты.
Осыдан соң Ербол Қарашөкеев Түркия мен Қытай алқапты тамшылатып суаруға қажетті машина құрастыратын зауыт салады, - деді. Бұл бағыттағы жобаны израильдік компания да бастаған. Осы күзде Алматыда тамшылатып суаруда қолданылатын құбырлар шығарылады. Қазір елде 26 млн гектардан аса егістік жер бар. Соның 13%-інде ғана осы әдіс қолданылады. Ал 2030 жылдың соңына дейін мұндай алқаптың көлемін 750 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Бұл іске әлемдегі көшбасшы компаниялар тартылмақ.
Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі
- VODAR компаниясы – ол Қытайда көшбасшы. Қытайда ең көп шығаратын зауыт. Ол биылғы жылдың аяғына дейін зауытты іске қосып, жаңағы жаңбырлатып суаратын машиналарды шығаруды бастайды. Негізі ол Жетісу облысында. Ал AFKO компанияны алсақ, ол да белгілі. Әлемге әйгілі машиналарды өндіруші. Ол Атырау облысында осы зауыттс соғады. Оны да жыл соңына дейін жоспарлап отырмыз.