Астанада Actual Technologies EXPO 2023 көрмесі өтіп жатыр
Астанада ЭЙТИ EXPO 2023 көрмесі өтуде.
Биыл бұл шара 17-рет ұйымдастырылып отыр. Мұндағы мақсат технология саласындағы тың жаңалықтармен бөлісіп, тұтынушыларды тарту. Жаңартылған камералар, дрондар және видео-процессорлар, көрме ерекшелігіне айналды. Ұйымдастырушының айтуынша, осы жылы көрмеге келушілер саны рекордтық деңгейге жеткен. Жалпы тіркелгендердің саны 400-ден асты. Шараға 10 елден келген 40 өндіруші қатысты. Айта кетейік, көрме 2 күнге созылады.
Павел Ожиганов, ұйымдастырушы:
- Көрме интеграторлар, өндірушілер және тұтынушылар арасындағы байланыс құралы. Сондай-ақ бұл инженерлер мен техникалық қызметкерлер үшін мүмкіндіктер алаңы. Осында қазірдің өзінде келіссөздер жүріп жатқанын байқап жатырмыз. Демек, бұл іс-шара пайдалы болды деген сөз.