Павлодарда «SHATTYK БАЛА FEST» гала-фестивалі өтті
Павлодарлық бүлдіршіндер өз қолдарымен тұмар жасап, моншақ тізді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай шаһарда «SHATTYK БАЛА FEST» гала-фестивалі өткен еді. Ертіс променад сахнасында «Бүлдіршін-2023» байқауына қатысушылардың ең үздік әндері шырқалды. «Қос қанат» егіздер шеруіне 80 жұп қатысып, қазақтың ұлттық киімдерінен дефиле жасады. Мерекелік бағдарламадан бөлек, қаланың кішкентай тұрғындары түрлі шеберлік сабақтарға қатысты, домбыра тартты.
Дәуірбек Жақсылыққызы, қолөнер шебері:
- Бүлдіршіндеріміздің болашағы жарқын болсын. Еліміз тыныш, бейбіт елде балаларымыз бақытты өмір сүре берсін. 100-ден астам бала өз қолдарымен тұмар жасауды үйреніп кетті. Бүгін менің байқағаным, енді ұл балаларға дейін келіп, оюды қиып, жапсырып, қыздар енді көп келіп жатыр. Соның ішінде енді ұл балалар да көп қатысты осы шеберлік сабағыма.