Астана халықаралық форумына танымал британдық редактор келеді
Астана халықаралық форумының модераторлары қатарында британиялық Файнэншл Таймс газетінің редакторы Тони Барбер де бар.
Ол үш сессияға басшылық жасайды. Біріншісі, жаһандық жеткізу тізбегінің бұзылуы және әлем бойынша азық-түлік қауіпсіздігіне әсері туралы болады. Екіншісі геосаяси жағдай және соңғысы шикізат ресурстары, жасыл энергетикаға көшуді қаржыландыру. Барбер АҚШ-та және Еуропаның бірқатар елдерінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңес Одағында халықаралық тілші қызметін атқарған білікті журналист.
Тони Барбер, Financial Times газетінің редакторы:
- Форум әлемнің түкпір-түкпірінен келген бірқатар танымал спикерлер мен пікірталасқа қатысушылардың басын біріктірмек. Жоғары сапалы ресми жарыссөздер мен бейресми талқылаулар өте құнды идеялардың пайда болуына түрткі болады деп үміттенемін.