«АрселорМиттал Теміртауға» ₸1,2 млрд айыппұл салынды
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін 1,2 млрд теңге айыппұл салынды.
Қарағанды облыстық экология департаменті 2022 жылы қыркүйек-қазан айларында кәсіпорында жоспардан тыс тексеру жүргізген. Нәтижесінде компанияға қатысты «жол картасы» бағдарламасы орындалмағаны анықталды. Атап айтқанда, Жылу Электр Орталығы 2 агломерация, дом-на пеші, нөмірі екінші және үшінші күйдіру цехтарында шығарындылар қалыпты нормадан асып кеткен.