Соңғы бір жылда ауыр қылмыс едәуір азайған
Елде соңғы 1 жылда ауыр қылмыс едәуір азайған.
Мысалы, кісі өлтіру 51 процентке, қарақшылық 36 процентке төмендепті. Бұл туралы ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Түркістан облысының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді. Министр ішкі істер саласында біраз жаңашылдық болатынын айтты. «Егер полицияның жұмысында өзгеріс болмаса, халық бізге сенбейді. Ал ол өзгерісті біз бірінші өзімізден бастауымыз керек»,-деді. Сондықтан бұрынғы жүйе мен өлшемдерден арылу керектігін жеткізді. Есеп пен статистикаға негізделген көрсеткіштер бүгінгі қоғамның талабына сай келмейтінін айтты.
Марат Ахметжанов, ҚР Ішкі істер министрі:
- Сол көрсеткіштерге қарап, өзіміз өзіміздің жұмысымызға мәз болып отырдық. Ал оны қоғам қалай қабылдап жатыр? Қоғамда қандай нәрселер бар? Ол сыртта қалып отырды? Сондықтан президенттің тікелей тапсырамасымен осы 5 жылға арналған тұжырымдама дайындап жатырмыз. «Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету». Қалай біз полицияның жұмысын өзгертеміз? Қалай жетілдіреміз? Қандай талаптар бар? Қазіргі бізге қойылған талап – соның себептерімен, барынша соны болдырмау мақсатында жұмыс істеуіміз керек.