Ақтөбе облысында орман шаруашылықтары тексерілді

Ақтөбе облысында 8 орман шаруашылығы тексеріліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың өртке қарсы мүмкіндіктері қандай? Бастысы, осы мәселе қаралды. Әсіресе қажетті жанар-жағармай қоры, техникаларға мән беріледі. Мамандардың айтуынша, өрт сөндіру көліктері, мотопомпа және өзге де құрал-саймандар жеткілікті. Бірақ бірқатары ескі.

Жалпы биыл аймақта 4 орман өрті тіркелді. Тілсіз жаудың алдын алу үшін мамандар үгіт-насихат жұмыстарын күшейтпек. Сонымен бірге Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері техника паркін жаңартуды қолға алмақ.

Запира Аманжолова, ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері:

- Нұсқамалар, жиындар өткізіліп жатыр жаңағы орман шаруашылықтың басшыларымен. Техникалар бар, осы жылы бізде 508 бірлік өрт техникамыз жоспарда тұр және осы жылы 6 бірлік тіркеме сатып алуды көздеп отырмыз және өртке қарсы сумен жабдықталмаған Ақтөбе облысы елді мекендерінде сумен қамтамасыз етуге жоспарлап отырмыз.