Қазақстан киілген киімдер экспортын арттырды

Мысалы, соңғы үш жылда секонд-хенд эскпорты 60 есе өсті.

Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпаратына сай, былтыр Қазақстаннан сыртқа киілген киім мен өзге де ұсталған заттарды қоса есептегенде 51,8 мың тонна тауар жіберілген. Ал үш жыл бұрын бұл көрсеткіш небәрі 833 тонна болды. Ұсталған заттардың саудасы соңғы екі жылда қызған. Жалпы қазақстандықтардың тұтынған заттары 37 мемлекетке экспортталады.

Секонд-хенд тауарлары бізден Орталық Азия елдері, Еуропа, АҚШ, тіпті Австралияға кетеді. Бірақ негізгі нарық - Тәжікстан. Киілген киімдердің 98% осы елге экспортталады. Бір қызығы Қазақстанға импортталатын секонд-хенд тауарлары экспортпен салыстырғанда мардымсыз. Небәрі 1,8 мың тонна деп хабарлайды мемлекеттік кірістер комитеті. Елге осындай тауар Германия, Нидерланды, Ресейден тасымалданады.