Абай облысындағы орман өртінің көлемі 60 мың гектарға дейін жеткен
Абай облысындағы алапат өрттің екпіні басылды.
Жедел штаб өкілдерінің хабарлауынша, қызыл жалынның негізгі ошақтары оқшауланған. Қазір өрт сөндірушілер қоламтаға су себу, құм төгу жұмысын жүргізіп жатыр. Мамандар елді мекендерге ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ дейді. Осыдан 5 күн бұрын Семейге эвакуацияланған Бұлақ ауылының 117 тұрғыны үйлеріне оралды. Оқиға орнында 1800-ге жуық адам мен 350-ден астам техника жұмыс істеп жатыр. Айта кетейік орман өртінің көлемі 60 мың гектарға дейін жетті. Бұл Алматы мен Астана қалаларының аумағымен шамалас.
ГРАФИКА
Астана қаласы — 79 700 га
Алматы қаласы — 68 200 га
Абай облысындағы өрт аумағы шамамен 60 000 га