Ертең Ақтөбеде «Білім ал» жобасы іске қосылады

Бағдарлама кадр тапшылығы мен төмен білім деңгейін шешуге көмектеседі дейді сала мамандары.

"Білім ал" жобасы 4 әдістен тұрады. Оның ішінде онлайн стримминг арқылы оқыту мен цифрлық оқулықтарды қолдану бар. Соңғы он жылда жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар саны 1 миллионға өсті. Оның 83% қалалық оқушылар есебінен. Бұл статистикаға ауыл тұрғындарының қалаға көшіп-қонуы да әсер еткен. Халықтың ауылдан кетуіне себеп - жергілікті білім сапасының төмендігі. Мектептердің материалдық-техникалық базасының дұрыс болмауы да шалғайдағы оқушылардың мүмкіндігін шектейді. Осы мәселерді талқылаған дөңгелек үстелде "Ауыл" партиясы "Ауыл мектептерінің оқушыларына қосымша онлайн білім беруді" ұсынды. Депутаттар интернет жылдамдығының нашарлығына да назар салды.

Ерболат Саурықов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Көп жерде мемлекеттің тарапынан берілетін ақпаратта, мектептегі интернет жылдамдығы деген мәселе де шындыққа сәйкес келмейді. Оны мен бір Жамбыл облысы Мойынқұынқұм ауданының мектептерінің деңгейінен біле аламын. Ол жерде 16- мегабитпен біз қандай білім аламыз, қандай ақпарат ала аламыз. Міне осындай мәселелерді шешу керек.