Қорғалжын қорығындағы қамыс өртінің беті қайтты
![Қорғалжын қорығындағы қамыс өртінің беті қайтты](/media/k2/items/cache/d04b215ea969e82e2288b7a80d1f04dd_XL.jpg?t=20230617_123318)
Қорғалжын қорығындағы қамыс өртінің беті қайтты.
Төтенше жағдай қызметінің хабарлауынша, Сарыкөлдегі отқа оранған қамыс аумағы оқшауланды. Қызыл жалын 8 жерден шалған, қазір оның жеті ошағы сөндірілді. Өртті өшіруге 23 техника, 78 адам, және 2 жүзу құралы тартылды. Батпақты аумақ пен кірме жолдың жоқтығына байланысты "Қазавиақұтқарудың" су төгетін құрылғысы бар 2 тікұшағы тартылды. Осылайша әуеден 288 тонна су төгілді. Елді-мекендерге қазір қауіп төніп тұрған жоқ, дейді мамандар.