Шығыста өрт қауіпсіздігін сақтамағандар жауапқа тартылды
Шығыс Қазақстан облысында өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамаған 40 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Өрт қаупінің алдын алу үшін құрылған 46 мобильді топ облыстың барлық ауданын аралап шығады. Қазір орман белдеуіне жақын жатқан елді мекендер мен шаруа қожалықтарын тексеріп жүр. Негізгі мақсат — жұртты сақтыққа шақырып, төтенше жағдайды болдырмау. Абай өңірінде болған алапат өрттен соң Шығыс Қазақстан облысында да бірнеше өрт ошағы тіркелді. Катонқарағай ұлттық табиғи паркі Ақсу филиалында қураған шөп жанып, 15 гектар аумақ өртеніп кетті. Риддерде "Батыс-Алтай мемлекттік табиғи қорығының 6 га аумағын жалын шарпыды. Екеуі де кеше ғана сөндірілді.
Нұржан Өміржанов, ШҚО ТЖД Өрт бақылау басқармасының бастығы:
- Ең қауіпті және де сөндіру жағынан қиын өрттердің бір ол орман өрті. Өйткені өздеріңіз білетіндей, бұл орман өртінің таралу жылдамдығы өте үлкен, сол себепті ең тиімді әдістердің бірі ол профилактикалық жұмыстар өткізу. Мың үш жүзден астам лекциялар инструктаждар және дөңгелек стол халықпен және шаруа қожалық иелерімен өткізілген.