Елорда төрінде Түркістан сазгерлері шығармашылық кеш өткізді

Қасиетті өңірден келген төрт композитордың есімдері былайғы жұртқа әйгілі болмағанмен, шығармаларын көпшілік сүйіп тыңдайды.

Құралай Сәтмұхамбетова, Бекжігіт Сердәлі, Аян Қожанов және Мұхан Байбосыновтың шығармалары сахна төрінде шырқалғанына біраз жыл болды. Бұл кеш «Түркістаннан тарту» деп аталған. Жалпы, бұл авторлардың біраз туындысы «халық әні» іспетті. Шараны өткізудегі мақсат  көлеңкеде қалған  ақын-сазгерлердің  шығармашылығын насихаттап,  олардың есімін халыққа жақынырақ таныстыру.  Композиторлар одағы алдағы уақытта  елорададан шалғайда жатқан  өзге де сазгерлердің өнерін дәріптеп, олардың жеке ән кештерін Астана қаласында ұйымдастырып отырмақ.

Бекжігіт Сердәлі, композитор:

- Көптеген ел айтып жүретін әндер бар. Дастархан басында өзара кездескенде.бірақ олардың авторларын білмейді халық. Мынау Маңғыстаулық Бердіхан деген  азамат өзінің жобасы бар.Ел ішінде танылмай жүрген  белгілі әндердіәң белгісіз авторларын танытып жатыр. Бүгін біз Түркістан облысынан келіп отырмыз. 4 композитор арнайы осы Астана қаласына.