Сарапшы: IT-стартаптарды дамытуда Қазақстанның әлеуеті зор

Әлемдегі ірі нарықтарда сұранысқа ие болатын IT-стартаптарды дамытудағы Қазақстанның әлеуеті зор.

Арнамызға эксклюзивті сұхбат берген венчурлық инвестор – Николай Давыдов осылай дейді. Ол елдің электрондық үкіметін жоғары бағалады. Сарапшы онлайн-форматтағы мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен стратегиялық шешімдер қабылдау кезінде үлкен деректерді талдау үшін жасанды интеллектті пайдаланылатындығына ерекше тоқталды.

Николай Давыдов, венчурлық инвестор:

- Қазақстанда дарынды балалардың оқу ақысын төлеп беретін арнайы бағдарлама бар екенін білемін. Осының арқасында көптеген азамат әлемнің үздік жоғары оқу орындарында білім алып, елге оралды. Үкіметтің отандық стартаптардың шетелдік нарыққа шығуына көмектесіп жатқаны құптарлық іс. Біраз уақыттан кейін олар Халықаралық бизнес құрып, сапалы қызметкерлерді қатарына қосады.