«ҚазАвтоЖол» компаниясы Павлодар облыстық филиалының қызметкерлері ұсталды

«ҚазАвтоЖол» компаниясы Павлодар облыстық филиалының басшылығы мен қызметкерлері жемқорлық бойынша күдіке ілінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Транспорттық прокуратурамен бірлесе ұлттық компания өкілдерінің аймақтағы кәсіпкерден аса ірі көлемде қаржы бопсалау дерегін тергей бастады. Күдіктілер қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай әзір жария етілмейді.