Елорда күніне орай асық ойнау алаңдары ашылды

Елорда күніне орай Сарыарқа, Алматы және Есіл аудандарында асық алаңдары ашылды.

Асық ойыны – баланың жастайынан ой - қабілетін шыңдап, дәлдікке, ептілікке, ширақтылыққа, ұстамдылыққа, алғырлыққа тәрбиелейді. Бұл - ертеден келе жатқан көне ойын түрі. Мұндай алаңдарды ашудағы мақсат, ұлттық құндылықтарды жан-жақты дәріптеп, қазақ халқының асыл мұраларын сақтау дейді ұйымдастырушылар. Сондай-ақ, алдағы уақытта дәл осындай алаңдарды басқа аудандарда және еліміздің өзге де өңірлерінде ашу жоспарланып отыр.

Айдарбек Қожаназаров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Respublica партиясының төрағасы:

- Осылай асықты дамыту, тоғазқұмалағымыз бар, көкпарымыз бар, бәйгеміз бар. осыларды ұмытпауымыз үшін түрлі түрлі ісшаралар жасап жатырмыз кез-келген адамға ашық, қарасаңыз QR коды бар. Онда асықтың тарихы мен ережелері бар.егер ойнаймын десеңіз соған қарап ойнауға болады.