Шымкент жылу энергоорталығы жөндеуден өтеді

Биыл Шымкент жылу энергия орталығын жөндеуге 1 миллиард 255 миллион теңге бөлінді.

Инвестор есебінен қос турбогенератор, үш жылу қазандығы жаңғыртылады. Қыстың күні шаһардың 75 пайызын ыстық сумен қамтитын стратегиялық нысанға жоспарлы жөндеу кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Алайда 40 жылдан бері жұмыс істеп тұрған қондырғылардың 59 пайызы тозып тұр. Сол себепті энергетика министрлігі орталықты қызыл тізімге қосып, жаңғырту жобасын кестеге сай, мұқият жүзеге асыруды тапсырды. Кәсіпорынға  депутат Данабек Исабеков арнайы барып, жұмысшылармен кездесті.  

Жансерік Ерботаев, жылу энергоорталығының бас инженері:

- Износ дейміз ғой ол 65% еді, оны 59% түсіргенбіз. Осы соңғы істелетін жөндеу жұмыстарынан кейін 57,7 % түсеміз деген ойымыз бар.

Данабек Исабеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бүгінгі күнде қандай қаражат беріліп жатыр!? Ол мақсатты игеріліп жатыр ма!? Жұмыстары сапалы жүргізіліп жатыр ма!? Алдағы уақытта квартал сайын немесе ай сайын өзіміз келіп бақылауға алып тұрамыз. Астанаға барып бұл мәселелерді көтеремін. Айлық жөнінде болсын депутаттық сауал жолдайтын боламын.