Қостанай облысында шегірткеге қарсы күрес жалғасып жатыр
Қостанай өңіріндегі егіс алқаптарында қазір жаппай тексеріс жүріп жатыр.
Оған өңірдің оңтүстік аумағында үйірлі шегірткенің пайда болуы себеп. Зиянкестер әсіресе Жанкелдин ауданында көп. Облыстың солтүстік бөлігінде шегіртке әр жерде қылаң бергенімен қалың шоғыры байқалған жоқ. Дегенмен ол жақта да италиялық жәндік түрінің ошақтары анықталған.
Федоров ауданында 400 мың гектарға бұршақ дәнді дақылдар себілген. Соның ішінде бидай мен шабындық алқаптарында италиялық шегіртке түрінің балаңқұрттары табылған.
Әлібек Оразбаев, Федоров аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:
- Аудан бойынша әр округтан анықталған 25 мың гектар жер зерттелді. Соның ішінде 920 гектардан шегіртке табылды. 450 гектар алқапта жағдай экономикалық зияндылық шегінан жоғары ден танылды. Ол жерде міндетті түрде химиялық өңдеу жүргізіледі.
Мамандардың айтуынша, өңірдің солтүстік бөлігінде шегіртке онша көп емес. Сондықтан алқаптарға төніп тұрған қауіп жоқ. Соған қарамастан зиянкестер ошағы байқалған жерлерде химиялық өңдеу жүргізілді. Биыл бұлай өршуіне өткен жылдағы аптап ыстық, құрғақшылық ықпал етті, дейді мамандар.
Иван Назарчук, республикалық фитосанитариялық болжау және зерттеу орталығының басшысы:
- Бұрын италиялық прустың бірең сараңы болған, қолайлы ауа-райы олардың күрт көбейуіне әкеліп соқты. Экономикалық зияндылық шегінен жоғары деген алқаптың бір шаршы метрінен 8-9 шегіртке шықты. Ал қалғани бөлігінде екі-үшеуден табылды.
Владимир Бубликтің егістік алқабына шегіртке кірмеген. Оның қазір басты қаракеті арам шөп пен өсімдік ауруына жол бермеу. Биыл кемінде гектарынан 18 центнерден өнім алсам деген үміті бар.
Владимир Бублик, шаруа:
- Биыл топырақ өңдеуде аздап қиыншылық болды. Біресе аптап ыстық, енді бірде жаңбыр жауып, химиялық өңдеу жұмыстары кішкене созылып кетті.
Облыстың оңтүстік аумағында да үйірлі шегірткеге қарсы күресте ауа-райының әсері болмай қалған жоқ. Жалпы сегіз ауданда барлығы 500 мың гектар алқапты зиянды жәндіктер жаулаған.
Тілек Төлебаев, облыстық аумақтық инспекцияның өсімдікті қорғау бөлімнің басшысы:
- Әсіресе Жанкелдин ауданында шегірткенің шоғыры қалың болды. Бұл аумақта зиянкестер 260 мың гектар жерді жаулап алған. Ол жақтан Науырзым ауданына ауып келген. Егінжайларға да жеткен.
Қазіргі кезде шегіртке байқалған алқаптардың 65 процентіне химиялық өңдеу жүргізілді. Шығын мөлшері есептеліп жатыр. Оны арнайы комиссия тексеріп, анықтағаннан кейін жария етеді.
Мағауия Қалиев, Ермек Мұхамедияров