Петропавлда Астана күніне арналған мерекелік концерт өтті
Петропавл қаласында да Астана күніне арналған мерекелік концерт өтті.
Өнер ұжымдары Елорданы ән мен жырға қосып, жиналған жұртшылыққа керемет көңіл - күй сыйлады. Ал кішкентай балалар бас қаланың зәулім ғимараттарын ашық аспан астында қағаз бетіне түсірді. Ұлттық спорт түрлерінен сайыс ұйымдастырылды. Халық асық ату, тоғыз құмалақ, арқан тартыстан сынға түсіп, өзара мықтыны анықтады. Олар мерекелік шараларға белсене қатысып қана қоймай, ізгі тілектерін де білдірді.
Амангелді Нұрсейітов, қала тұрғыны:
- Астана өте әсем қала. Астананың строительствосы өте жақсы. Архитектурасы тіпті оңды. Көшенің барлығы значить ағаш бәрі отырғызылған. Цветы. Енді балалардың арқасында Астанаға көшіп барамыз ба деген ойымыз бар. Аманшылық болса барармыз.