Елорданың 25 жылдығына орай дрондар шоуы болады

12 минуттық қойылымға 500 ұшу аппараты жұмылдырылады.

Мерекелік қойылымды тұрғындар мен қала қонақтары бүгін кешкі сағат 22:30-да Қазақ елі алаңында тамашалай алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көкке көтерілетін дрондар түрлі түске боялған  бейнелерді сомдап, түнгі аспанды жарқ-жұрқ еткен қойылыммен көмкереді. Сондай-ақ, дрондар жарық иллюминаторы арқылы елорданың әсем ғимараттарын көрсетеді. Шара демеушілердің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.