Бір айдан бері жанып жатқан кен орнындағы отты бүйірден өшіреді

Маңғыстау облысындағы «Оңтүстік Қаратұрын» кен орнында мұнай ұңғымасы осымен 1 айдан бері жанып жатыр.

Отты өшіру үшін енді бұрғылау жұмыстары жүргізіледі. Аумақта 2 бұрғылау алаңының құрылысы аяқталған. Құрал-жабдықтар орнатылған соң мамандар мұнай ұңғымасының бүйірінен көлденең қаза бастайды. Сол арқылы ұңғыманы бітейтін арнайы қоспа құйылады. Естеріңізге сала кетсек, 9 маусымда жөндеу кезінде ауаға газды-ауа қоспасы атқылап, 1 жұмысшы жараланған еді.

Мұрат Мұханов, облыстық ТЖД бастығы:

- Осы апта бұрғылауды бастайды. Бұрғылаудың өзі 15-20 күн жүреді. Болғаннан кейін соның қасынан цементтік ауыр қоспасын жіберіп, аталған аварияны жою жоспарлануда. Отты сөндіруге болады қазіргі таңда. Бірақ сөндірген жағдайда да құрылғылардың барлығы жерге түсіп кеткен соң оны қазір жою мүмкін емес. Ол ауаға таралса өте қауіпті. Қандай да бір от көзі тиген жағдайда жарылысқа әкеп соғады. Сол себепті осындай шешім қабылданып отыр.