Ақмола облысындағы егіс алқаптарында химиялық өңдеу жұмыстары аяқталды
Бүгінде 4 миллион гектар алқап өңделіп, арамшөпке қарсы химиялық дәрілер себілді.
Енді шаруалар зиянкестермен күресуге қамданып отыр.
Ораз Тақуов тәжірбиелі агроном. Осы салала 40 жылдан астам уақыт еңбек етеді. Құрғақшылық және зиянкестер мәселесімен жақсы таныс. Сол себепті көктемгі егіске ерте қамданып, қыста қар тоқтатып, одан кейін ылғал жабады. Зиянкестермен күресугеде сақадай сай дайындалған.
Ораз Тақуов, агроном:
- Қазіргі мәселелердің бірі бұдан былай күн қысқарған сайын атмофера буланып, егістіктерде өзінде жерден ыстықпенен күннің көзі түсіп, жерден көтерілген ылғалдың арқасында булар пайда болып әр түрлі аурулар пайда болады. Септориоз, ржавчиниялар сияқты аурулар шығады. Біз қазір соған көңіл бөліп, фитасанитарлық бақылауда ұстап отырмыз. Бұдан бөлек, көрші облыстарда шегіртке шабуылы да бар екен. Оны да ескеріп, агрегаттарды дайындап қойдық.
Сарапшылардың пікірінше, зиянкестер көбінде игерілмеген алқаптарға тарайды. Бүгінде аймақта осындай 4 мың гектар алқапқа шегірткеден залал келген.
Әбілжан Тоқанов, ҚР ауыл шаруашылығы академиясының академигі:
- Бұл біздің егіншілік мәдениетіміздің төмендігінің салдары. Мәселен, бізде көптеген игерілмеген жерлер бар. зиянкестер сол жерде жұмыртқалап, көбейеді. Кейін егіс алқаптарына тарайды. Сондықтан, осы бастан сол жерлерді химиялық өңдеуден өткізген дұрыс.
Валерий Литовченко, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:
- Бүгінгі күні арамшөптерге қарсы дәрілеу жұмыстары толығымен аяқталды. Шамамен 4 млн.гектар алқап өңделді. Жалпы фитосанитарлық жұмыстар бірден көктемгі егіс науқаны аяқталысымен басталады. Біз бидайдың дәні шыққанша химиялық шаралар жүргіземіз. Сондықтан өнімге ешқандай кері әсерін бермейді. Ал зиянкестермен күрес жұмыстары жалғасып жатыр.
Қазір мамандар зиянкестердің ошағын анықтау мақсатында 900 мың гектар алқапқа тексеріс жүргізген. Алдағы уақытта бұл жерлердің бәрі химиялық өңдеуден өтеді жоспарланған.
Авторлары: Абзал Азаматұлы, Евгений Шинкоренка