Жезқазғанда көктемде егілген шырша мен қарағай көшеттері қурап қалды

Тауда көлдің тасуы қауіп болса, шөлге жақын орналасқан елдің жағдайы қалай екен?

Жезқазғанда көктемде егілген 4 мыңға жуық қараған және 600-ден астам шырша мен қарағай көшеттері қурап қалды. Қанша күтім жасалса да көктемей жатып солған. Сөйтіп 20 млн теңге желге ұшты .Дендрологиялық сараптама жүргізген мамандар «ол ағаштарды құтқару мүмкін емес» дейді. Себебі, көшеттерді егу технологиясы бұзылған әрі отырғызу материалының сапасы да төмен болған. Енді қанша суарса да тамыр жайып кетуі екіталай. Осыған орай мердігер ұйымға олқылықты түзеу туралы нұсқау берілді.

Нұрек Ауезов, қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы:

- Қазіргі уақытта себептері анықталу үстінде. Дұрыс егілмегендіктен немесе талдың сапасы төмендіктен. Өспей, өліп қалған талдарды қайта егуге хабарлама жіберілді. Егерде осы жұмыстар жүргізілмейтін болса, қазіргі уақытта сотқа құжаттама дайындалуда.