Балалар арасындағы психикалық ауытқу
Ел бойынша учаскелік психиатрлорда 3-тен 18 жасқа дейінгі 40 мыңға жуық қазақстандық есепте тұр.
Мамандардың сөзінше, психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың қатары жыл сайын артып барады. Қазір дәрігерлер санының көбеюімен қатар балалар арасында диагнозды ерте жастан анықтау сапасы да артқан. Психикалық ауытқулардың негізгі себебі – гаджеттер екен. Өйткені балалар телефонға телміріп түрлі ойындар ойнайды. Сондай-ақ, өз жасына сай емес ақпараттарды еркін ала алады. Бұл өз кезегінде депрессияға, психикалық дамудың кешігуіне де әкеп соғады.
Марина Вихновская, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас психиатр:
- Гаджеттер кіші жастағы балалардың ойлау қабілетінің дамуын тежейді. Бұл ресми дәлелденген факт. Қазіргі картина қандай? Балалар жыламас үшін телефонда видео қосып қоямыз. Ол жарты күн бойы телефонға телміріп отырады. Салдарынан баланың интеллектуалдық ойлау, есте сақтау қабілеті бұзылады. Яғни, психикалық дамуының кешігуі болады. Сондықтан ата-аналарға берер кеңесім – балаларға көп көңіл бөліп, өзара диалог құрыңыздар. Бүлдіршіндердің өмірінде гаджеттерді мейлінше азайту керек.