Теміртаудағы салынып жатқан қазандық келер жылы пайдалануға беріледі

Теміртау қаласындағы екінші жылу орталығында салынып жатқан қазандық келер жылдың көктемінде пайдалануға берілуі мүмкін.

Бұл туралы Теміртау қаласы әкімінің орынбасары мәлімдеді. Қазір басты қондырғы жартылай орнатылған. Ал сыртқы бөлігіндегі жұмыстар 95%-ке аяқталды. Бұдан өзге қазандықтардың көбінде жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Егер олар мерзімінде пайдалануға берілсе, қазандық жұмысының кешігуі қыстан қысылмай шығуға әсер етпейді, - дейді мамандар. Себебі бұл 7-ші қазандық резервті болып есептеледі. 

Еске сала кетсек,  бұл нысан биыл қазан айында толық аяқталып, желтоқсан айында іске қосылуы тиіс болған.

Ринат Қыдырбеков, Теміртау қаласы әкімінің орынбасары:

- Бас мердігердің кестеден қалуына байланысты биылғы жылыту маусымына бұл қазандық қатыспауы мүмкін. Осы жылдың аяғына дейін монтаждау жұмыстарын аяқтап, 3-6 айға дейін «пуско-наладочный» жұмыстар жүргізу жоспарланып отыр. Сондықтан келер жылдың көктемінде бұл қазандық іске қосылуы мүмкін.