Өскеменде өртке қарсы оқу-жаттығу өтті
Өскемендік өрт сөндірушілер жоғары қабатта болған өрт кезінде адамдарды құтқару операциясын жүргізді.
Облыс орталығында осындай сценариймен тактикалық оқу-жаттығу өтті. Құтқарушылар баспаналардың соңғы қабатынан эвакуациялау ережелерін пысықтады. Жаттығу шеңберінде азаматтық қорғаныс өкілдері 50 метрлік баспалдақпен тұрғындарды пәтерден сыртқа шығару техникасын көрсетті. Соңғы бес жыл ішінде дәл осылай 20-дан астам адам құтқарылған. Тактикалық жаттығу аясында штаб құрылып, жедел әрекет ету қызметінің жұмысы көрсетілді.
Жадыра Аманғалиқызы, ШҚО ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бас маманы:
- Жоғары қабаттандан адамдарды эвакуациялау үшін арнайы техника қолданылды. Бұл арнайы автосаты. Жаңағы атвосатымен 16-қабаттағы биіктен адамдарды алып шығуға болады.