Астанада жыл басынан бері бөтеннің мүлкін бүлдірген 35 адам жазаланды
Бұзақылар 60 мың теңгеден асатын айыппұл арқалады.
Полиция қызметкерлері күн сайын қала көшелерін аралап, халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Бұдан бөлек, өткен аптада қоғам белсенділері "Тоқта вандал!» акциясын ұйымдастырды.
Мейрамбек Төлепаев, қалалық Ауған соғысы ардагерлері одағының төрағасы:
- Осы уақытта қазір көріп отырмыз жастар көп, көшеде жүрсе де бұзақылық істейтін болды. бөтелкелерін лақтырып кетеді, мусоркалардың бәрін тепкілеп кетеді. ағаштарды сындырады, ескерткіштерге мініп, сындырады, әріптерін теуіп қалады. Оның бәріне қаншама қаражат кетеді. Әкімдікпен бірге сол келісімге келіп, жастармен келісімге келіп, рсынлдай акцияларды өткізейік деп бастадық.