Ақмола облысында орман қорының учаскесі мемлекетке қайтарылды

Жердің құны 1,6 миллиард теңгеге бағаланған.

Бастапқыда 264 гектар жер сауықтыру, туристік және спорттық мақсатта берілген. Алайда ұзақ жылдан бері пайдаланылмаған. Тіпті 2018 жылдан бері ақысы да төленбепті. Сондай-ақ, орман өртінің алдын алу шаралары да жүргізілмеген болып шықты. Бос жатқан жерді Ақкөл ауданының прокрурорлары анықтады.