Маңғыстау облысында энергоблоктар жөнделіп жатыр

Өткен аптада Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында істен шыққан 2 энергоблок жөнделіп жатыр.

Мамандар 2 ауысым бойынша қызмет атқаруда. Жылу электр станциясына аймақ әкімі Нұрлан Ноғаев пен энергетика министрлігінің өкілі барып, апат салдарын жою жұмыстарымен танысты. Қазір нөмірі 1-ші энергоблок қазандығын қалпына келтіру аяқталуға жақын. Шамамен 9 метрдей құбырлары жаңаланған.

Есіңізге сала кетсек, Маңғыстау облысында бүгіннен бастап елді мекендер кесте бойынша 3-тен 5 сағатқа дейін тоқтан ажыратылуда. Апта соңына дейін “Маэк” кәсіпорны толық қуатына шыққан жағдайда шектеулер алынады.