Маңғыстау облысындағы энергетикалық жобалар мерзімінен бұрын орындалады
Маңғыстау облысындағы энергетикалық жобалар 2024-2026 жылдары іске асуы керек.
Бұған дейін бұл меже 2027-2028 жылдарға жоспарланған. Өңірдегі күрделі ахуалды ескере отырып, Батыс энергетикалық жүйесін Қазақстанның Бірыңғай Энергожүйесіне қосу шешілді. Бұл үшін 500 кило-ват, электр беру желісі салынады. Сондай-ақ аймақта, жаңа генерациялау жобалары іске қосылады. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Жиында тұтынушыларды энергия қуатынан, шектемеудің бірқатар ұзақ мерзімді шаралары әзірленгені сөз болды. Тіпті өңірде істен шықпаған стансаларға жаңғырту жұмыстары жүргізілмек. Әлихан Смайылов жобаларды жыл соңына дейін аяқтау қажеттігін ескертті.