Алматы қаласын дамыту жөнінде кеңес өтті

Алдағы 20 жылда Алматы халқының саны 3 миллионға жуықтайды.

Бұл жайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шаһарды дамыту жөнінде өткізген кеңесте айтты. Болашақта қала ішіндегі бес аумақ орталық ретінде дамиды. Мемлекет басшысы соңғы 10 жылда қала аумағы екі есе кеңейгенін атап өтті. Бұл инфрақұрылымның дамуына әсер етіп отыр. «Түйткілдерді уақтылы анықтап, дер кезінде шешіп отыру қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға қатысты бірқатар проблемаға тоқталып, жастардың жұмыссыздық мәселесіне айрықша назар аударды. Өрт қауіпсіздігі саласындағы ахуал да, сынға алынды. Алматының экологиялық ахуалын жақсарту үшін электро-мобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту қажеттігі айтылды. Өз кезегінде қала әкімі Ерболат Досаев 2025 жылдың соңына дейін қоғамдық көлік саласы толықтай экологиялық стандартқа көшірілетінін баяндады.