5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні
Бүгін – Қазақстан халқының тілдері күні. Еуразия ұлттық университеті осыған орай жиын өткізді.
Мақсат – ана тілімізге, елдегі түрлі этнос өкілдерінің мәдениетіне, тіліне, мұрасына құрмет көрсету. Жиында депутаттар, қоғам қайраткерлері сөз алып, бұл күннің мән-маңызын айтты.
Жалпы Қазақстан халқының тілдері күні қазақ әліпбиінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай бекітілген.
Талғат Ешенқұлов, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі:
- Қазіргі жаһандану дәуірінде жастарды ана тілін, туған жерін сүюге, оған қызмет етуге, құрмет тұтуға тәрбиелеуіміз қажет. Тіл мерекесі құтты болсын! Баршаңызға шығармашылық табыс тілеймін.
Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Алаш арысы, ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Мемлекеттік тілдің пайдалану аясының кеңеюі біз үшін өте маңызды. Сондықтан да мәдениетаралық қарым-қатынаста, түрлі этникалық топтардың коммуникациясына осы мемлекеттік тілді негізге арқау ету, негізгі мақсаттың бірі екендігін білесіздер.