Бақыттың балдай саумалы

Бие байлап, саумалмен сауықтырады.

Қонаев қаласында шағын қымызхана ашқан Бақыт Мошанов сауабы мол іспен айналысып, елден алғыс алып жүр. Еңбек адамы алдағы уақытта жылқысын көбейтіп, ұлттық сусын өндірісін одан әрі дамыта түссем дейді.

Бақыт Мошанов қарапайым шаруа. Бие байлап, қымыз сауып жатқанына екі жыл болды. Бір жылдың ішінде оның шағын қымызханасының аты қалаға кең тарады. Себебі Бақыттан басқа Қонаевта ешкім бұл іспен айналыспайды.

Бақыт Мошанов, кәсіпкер:

- Былтыр осы азын аулақ малдан бастағанмын. Содан бастап кеттім. Енді сұраныс бар. Күнделікті халық азаннан таңға альтыдан бастаймыз. Кеші алтыға деійін сауамыз. Шаруамды дөңгелетіп жатырмын. Өйткені сұраныс бар.халық сұрап отыр.

Биелер күнделікті екі сағат сайын сауылады. Күніне 50-60 литр саумал береді. Оған сұраныс көп. Таңғы уақытта аш қарынға ішуге келетіндерде есеп жоқ, дейді шаруа. Әсіресе кішкентай балаларын ертіп келетін ата-аналар риза. «Дәріханадан қымбат дәрі алғанша, емдік қасиеті мол саумал ішкен дұрыс»,- дейді тұрғындар.

Бауыржан Боранбаев, қала тұрғыны:

- Денсаулыққа пайдасы зор. Көп бала ауыра бермейді.қан айналымы да барлығына кқп нәрсеге ем.Осындай кәсіпті дөңгелетіп жүрген мынандай ағаларымызға кқптен көп рахмет.

Әлішер Фазылжанов, қала тұрғыны:

- Жаздай балаларды алып келіп саумал беріп жүрміз.Үш ай болды екі баланы алып келіп саумал беріп жүргеніме.Жақсы саумалы. Енді осындай іспен айналыс жатқан жігіттерге көмектесіп, мына жер кішкене ыңғайсыздау болып жатыр.  Көмек болса бұдан жа жақсырақ болатын еді.

Бақыт Мошанов мал өсіріп, ата кәсіпті дамытып келеді. Ауыр еңбектің машақатын тартқанымен, берекесін көріп, бүгінде жемісін жеп отыр. Қапшағайдың облыс орталығын болғанын қуана қабылдаған. Енді өзінің шағын кәсібін одан әрі дамытуды жоспарлайды. Ол үшін кәсіпті кеңейтетін жер керек. Қала басшылығы тиісті жер телімін бөлсе киіз үй тігіп, Қонаевта ұлттық тағамдар мен сусындар әзірлейтін демалыс орнын ашуға ниетті.

Авторлары: Алмас Садуақас, Аят Дүйсембаев, Аманжол Жөнкешов