Таразда қаржы ұйымының басшысы өз мекемесін тонады
Ал Таразда құмар ойынға құныққан қаржы ұйымының басшысы өз мекемесін тонады.
Директор есепшіні әжетханаға қамап, 25 миллионға жуық теңгені қолды қылған. Оқиға қаланың қақ ортасындағы несиелік ұйымның бірінде болды. Тонау дерегіне байланысты полицейлер шаһарда «Тосқауыл» шарасын жүргізді. Қашып құтыла алмайтынын сезген директор, тәртіп сақшыларына өз еркімен берілді. 47 жастағы азаматтың сол мекемеде 17 жыл бойы еңбек еткені белгілі болды.
Гүлсара Мұқтарқұлова, облыстық ПД баспасөз хатшысы:
- Жауап алу барысында ұсталған азамат құқыққа қайшы жасалған әрекетіне өкініп мұндай мәжбүрлі қадамға кезінде осындай құмар ойындар үшін алған 5 несие бойынша жинақталған қарыздарға байланысты барғанын айтып түсіндірді. ҚР қылмыстық коддексінің 191 бабы 4-бөлігі бойынша, яғни аса ірі мөлшерде жасалған толау бабы бойынша қылмысық іс тіркелді.