Батыр баба есімі ұлықталды
Қостанай облысында өткен Аманкелді Имановтың 150 жылдық торқалы тойында батырдың ұрпақтары да төбе көрсетті.
Жиеншары, белгілі суретші Зарина Ниязова баһадүр бабасына арнаған суреттер сериясын тағы бір ұрпағы Толқын Сұлтан деректі фильмді көпшілік назарына ұсынды.
Аманкелді ауылында қойылған көрмеге батырдың жиеншары Зарина Ниязова жеті суретін ұсыныпты. Халқымыздың наным-түсінігіндегі қасиетті санды ескерсе керек. Суретшінің туындыларында Аманкелді бейнесі шынайы халық батыры, қолбасшы ретінде көрініс тапқан.
Батырхан Жұмабай, облыстық тарихи өлкетану музейінің директоры:
- Қарасаңыздар мына жерде «Әке» деп, сосын мына «Аналар арасында». «Толғау», «Шешім» «Бірігу», «Серіктестер арасында», «Еркіндік жолында» деп сондай атау қойып, тақырыпқа байланысты циклмен суреттер жасады.
Амангелді батырдың ерлігі уақыт өткен сайын жаңғырып, айқындала түскендей. Бірақ әлі де анықтап, зерделейтін тұстары аз емес -дейді батырдың ұрпағы Толқын Сұлтан.
Толқын Сұлтан, Аманкелді Иманов қоғамдық қорының төрағасы, батыр ұрпағы:
- Ойладым, кезінде атамызға көп шығармалар арнады ғой Соның бәрі қайда деп. Қазақ радиосының алтын қорынан қарасақ, Бірнеше керемет біздің музыканттардың шығармасы тұр екен. Енді олардың ноталары жоқ. Ноталарын әбден іздестірдік. Көбісін таба алмадық.
Аманкелді батыр тойына Қызылорда, Қарағанды, Ұлытау өңірлерінен үлкен делегация келді. Олар әр төбесі тұнған тарих Торғай атырабын аралап, ерекше әсер алғандарын айтады.
Шалқар Аманкелдіұлы, Қызылорда облысының тұрғыны:
- Кейінгі жастарға дәріптеуіміз керек бұл кісілерді. Ерліктерін Кейкі батырдың жатқан жерін, Алаш арыстарының жатқан жерін Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов дегендерді кеше мен Жанкелдин ауданын араладым, сонда көрдім. Бұл кітаптан оқығанмен, көзбен көргенге жетпейді.
Аманкелді ауылында сән-салтанаты жарасқан, танымды той болды. Ең бастысы елім деген ердің есімі лайықты деңгейде ұлықталып,бабы рухы бір көтеріліп қалғаны айдан анық.
Авторлары: Мағауия Қалиев, Ермек Мұхамедияров