Шымкентте жастарды әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр

Шымкентте Ұлттық ұланның ақпараттық тобы жастарды әскер қатарына шақырып, үгіт-насихат жүргізіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мақсат – әскерилердің беделін нығайтып, отансүйгіштікке баулу. Мәдени-танымдық шара аясында ән-би ансамблінің әртістері патриоттық әндер шырқап, әлем халықтарының дәстүрлі би өнерін насихаттады. Сондай-ақ құрметті қарауыл ротасының дефилесі көрсетілді. «Ұлттық ұлан – ұлт рухы» атты концертке барлық күштік құрылымның өкілдері қатысып, ардагерлерге құрмет көрсетілді. Ән - би ансамблі 16 қыркүйекке дейін Түркістан облысының басқа да аудан-қалаларын аралайды.   

Ернар Әшірбеков, ҚР Ұлттық ұлан 6506 әскери бөлім командирінің орынбасары:

- Бұл біздің егіменді Қазақстан болғалы бері Ұлттық ұланның ән-би ансамблі құрылған болатын. Қазақстанның барлық қаласында концерттер қойылып жатыр. Имиджді көтеру және әскерге шақыру мақсатында осындай насихаттық топ жұмыс істеп жатыр. Әскерде де өнер бар деген мақсатпен осындай ән-би ансамблі концерт қойып жатыр.