«Иерусалим Пост» басылымында Мемлекет басшысының мақаласы жарияланды
«Иерусалим Пост» басылымында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы жарияланды.
Онда мемлекет басшысы әлемдегі геосаяси шиеленістердің артуына алаңдаушылық білдіреді. «Ғаламшарға үлкен қауіп төніп тұр. Әңгіме жаһандық ядролық қаруды қолдану қатері мен болып жатқан тоқтаусыз соғыс жайында», - деп жазады Президент. Сондай-ақ, адамзатқа бейбіт өмір құру үшін жаңа жаһандық қозғалыс қажет екенін атап өтеді. Ал бұр ретте діни көшбасшылар шешуші рөл атқара алады.
Графика:
Цитата
Дүниежүзіндегі адамдардың шамамен 85 % белгілі бір дінді ұстанады. Бұл адам өміріндегі маңызды фактор. Сондықтан діни көшбасшылар жаһандық істерге айтарлықтай ықпал ете алады. Жер бетіндегі барлық дінге ортақ ұстаным – адам құндылығының маңызын арттыру, бақталастық пен араздықты жою. Сондықтан бұл ұстанымдар жаңа әлемдік жүйенің негізін құра алатынына сенімдімін.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті
The Jerusalem post